Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Білімім – Отаныма» тәрбие сағаты 21 мамыр күні «Арыс ЖББМ» КММ-нің 8 «В» сыныбында сынып жетекшісі Сатымбекова Гүлдариғаның ұйымдастыруымен «Білімім – Отаныма» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, білім арқылы елге қызмет етуге баулу, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды. Тәрбие сағатында оқушылар: білім туралы мақал-мәтелдерді жалғастырып, «Мен білімді баламын» ойынына қатысып, болашақ мамандықтары туралы ой бөлісті, «Болашақтағы арманым» тақырыбында сурет салып, шығармашылықтарын көрсетті. Сонымен қатар «Менің қандай құқығым бар?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізіліп, оқушылар бала құқықтары, міндеттері және құқықтарын қорғау жолдары туралы маңызды мәліметтер алды. Оқушылар өз құқықтарын біліп қана қоймай, өзгелердің құқығын құрметтеудің маңызын түсінді. Білімді ұрпақ – ел болашағы! Білім арқылы биік белестерді бағындырып, Отанымыздың дамуына үлес қосайық!