22 мамыр күні 2"Ә"сынып жетекшісі Олжатаева Айнұрдың ұйымдастыруымен «Білімім – Отаныма»
атты тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға білімнің маңызын түсіндіру, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру, білім арқылы елге қызмет етуге тәрбиелеу.
Міндеттері:
• Білімнің адам өміріндегі рөлін түсіндіру;
• Отан туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
• Бірлікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пайдаланған әдіс-тәсілдер:
• Шаттық шеңбері
• Сұрақ-жауап
• Ой қозғау
• Топтық жұмыс
• «Миға шабуыл»
• Постер қорғау
• Рефлексия
Топтық жұмыс:
1-топ: «Білім»
Тапсырма: Білім туралы мақал-мәтелдер айту немесе жалғастыру.
2-топ: «Отан»
Тапсырма: Отан туралы жақсы сөздер жазу (туған жер, ел, Қазақстан, туған ауыл т.б.).
3-топ: «Болашақ»
Тапсырма: «Мен өскенде кім боламын, Отанға қалай қызмет етемін?» тақырыбында сурет салу немесе айту.
Қорытынды:
«Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы».