Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан обылысы Арыс қаласы 'Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп' КММ де 03.06. 2026 жылы "Балдәурен "жаздық лагері

"Біз арманшыл баламыз" тақырыбымен бүгінгі күннің іс-әрекетін бастады

Мақсаты: Адам өмірінің ең қызықты да, бақытты сәті балалық кездің қызықтары туралы айту. Отбасы, достық туралы ойын өрнектеп жеткізу. Балалардың дүниетанымын, ой-өрісін дамыту,бір-бірін құрметтеуге, отбасын сыйлауға тәрбиелеу, дұрыс армандай білуге үйрету;

Адам баласының ең бақытты да, өміріне із қалдырар тәтті кезеңі ол – балалық шағы. Ата-анасының жанында, ұйқысы қанық, қарны тоқ, шат-шадыман күлкімен уақытын өткізетін өмірдің қайталанбас сағынышқа толы кезеңі – бақытты балалық шақ.

Кітапханашы Каблашова Гүлжазира апай балаларға "Елдігімнің айнасы-салт дәстүрі "тақырыбын түсіндіріп,бейне роликтер көрсетті.

Мақсаты:

* Салт -дәстүрдің ұлттық болмысымыздың айнасы екенін түсіндіру;

*Жастарды ата -баба әдеп -ғұрпын құрметтеп сақтауға шақыру;

* Дәстүрсіз елдің болашағы жоқ екенін ұғындыру.