Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ 27.04.2026ж 8 «В» сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдариға сынып оқушыларымен «Біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» тақырыбында тағылымды тәрбие сағаты өткізді.

Сабақтың мақсаты – Оқушыларға 1-мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлік күні туралы ақпарат беру. Оқушылардың бірлік пен ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінуін қалыптастыру.Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, өз ойларын еркін әрі жүйелі жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында:

«Біз біргеміз» тренингі арқылы бірлік пен ынтымақтың маңызы ашылды;

«Досымның қасиеттері» топтық жұмысында оқушылар достықтың құндылықтарын постер арқылы қорғады;

Ситуациялық тапсырмалар арқылы өзгеге құрмет пен қолдау көрсету жолдарын талқылады;

«Біз бәріміз бірдейміз» шығармашылық жұмысында достық тақырыбында суреттер салып, ой бөлісті;

«Жүректен жүрекке» жаттығуында жылы лебіздер айтылып, мейірім атмосферасы орнады.

Қауіпсіздік сабағында «Төтенше қызмет нөмірлері және сенім телефондары» тақырыбы қарастырылып, оқушылар жедел қызмет нөмірлерін дұрыс пайдалану, төтенше жағдайда әрекет ету жолдарын үйренді.

Сабақ оқушыларды бірлікке, теңдікке, достыққа тәрбиелеп, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға бағытталды.

Ұранымыз: «Біз әртүрліміз – бірақ теңбіз!»