Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан обылысы Арыс қаласы 'Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп' КММ де 29.05. 2026 жыл

Тақырыбы:Бой жазайық, кел, ойнайық

Мақсаты:Балаларды ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу, Өз ойын еркін айта білуге қалыптастыру

Бүгінгі күнді тәрбиешілер көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып,дене шынықтыру пән мұғалімі Білісбек Нұрсұлтан ағаймен таңғы жаттығу жасады.

2-топ тәрбиешілері Жолдасбекова Жібек және Курашова Ботакөздің ұйымдастырумен "Бой жазайық,кел,ойнайық "тақырыбында флешмоб өткізді.

Мінезгер апайымыз Қонысбекова Гүлжан суретпен жұмыс жасады.Бүлдіршіндер ақ қағазға өздерінің асыл армандарын,бейбіт аспанда және жазғы демалыстың қызықты сәттерін түрлі -түсті бояулармен өрнектеді.

Кітапханашы Кабылашова Гүлжазира апайымыз "Мемлекеттік рәміздер -ел мәртебесі "тақырыбында балаларға рәміздер туралы бейне материалдар көрсетіп, түсіндірме жұмыстарын жасады.