Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 «А» сынып жетекшісі Б. Бектұрсынова сынып оқушыларымен буллинг бойынша түсіндірме-түзету дамыту сабағын өткізді. Тақырыбы: «Дос болайық!»

Мақсаты: Оқушыларға буллингтің зиянын түсіндіру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және достық қарым-қатынасты нығайту. Сонымен қатар буллингтің алдын алу жолдарын үйретіп, қиын жағдайда бір-біріне қолдау көрсетуге бағыттау.

Қазіргі қоғамда оқушылар арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Алайда кейде мектепте бір-бірін мазақтау, кемсіту, қорқыту сияқты жағымсыз әрекеттер кездеседі. Мұны буллинг деп атайды. Буллинг адамның көңіліне тиіп, өзіне деген сенімін төмендететін қауіпті құбылыс. Сондықтан буллингтен қорғанып, бір-бірімізге дос болуды үйренуіміз керек.

Әр оқушы сыныптастарына құрметпен қарап, адамның мінезі, сырт келбеті мен қызығушылығындағы айырмашылықтарды кемшілік емес, ерекшелік ретінде қабылдағаны дұрыс. Дос болу дегеніміз — бір-біріне көмектесу, қолдау көрсету, қиын сәтте жанында болу. Егер бір оқушыны ренжітіп жатса, оған бейжай қарамай, көмек көрсету қажет. Буллингке тап болған жағдайда үндемей қалмай, сенімді адамға айту керек.

Сабақ соңында оқушылар «Дос болайық» өмір ағашының суретін бояды. Буллингпен күресу әрқайсымыздың қолымызда. Бір-бірімізге мейірімді болып, дос болайық, бір-бірімізді қорғайық!