Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«ДОСБОЛLIKE: Буллингтен қорған! Біз бірге күшпіз» тәрбие сағаты өтті
Арыс ЖББМ 2026ж  22 сәуір  күні 8 «А» сыныбында Рахматла Назерке   «ДОСБОЛLIKE: Буллингтен қорған! Біз бірге күшпіз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлерін ажырату, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бағыт беру болды.
Сабақ барысында:
– «Жылы лебіз» тренингі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнатылды
– «Буллинг деген не?» тақырыбында ой қозғап, бейнеролик арқылы түсінік берілді
– Оқушылар буллингтің түрлерін (вербалды, физикалық, кибербуллинг) талдап, жағдаяттық тапсырмалар орындады
– «Көпір құру» ойыны арқылы бірлік пен қолдаудың маңызын түсінді
– «Біз бірге күшпіз» командалық ойыны оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиеледі
Сабақ соңында оқушылар «Мен буллингке қарсымын!» тақырыбында өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға мейірімділік, сыйластық және қолдау көрсету – кез келген қиындықты жеңудің басты жолы екенін ұғындырды
#Біртұтас_тәрбие 
#Адал_азамат 
#Буллинг