«ДОСБОЛLIKE: Буллингтен қорған! Біз бірге күшпіз» тәрбие сағаты өтті
Арыс ЖББМ 2026ж 20 сәуір күні 8 «В» сыныбында Сатымбекова Гулдариға «ДОСБОЛLIKE: Буллингтен қорған! Біз бірге күшпіз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлерін ажырату, бір-біріне құрметпен қарауды қалыптастыру және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдауға бағыт беру болды.
Сабақ барысында:
– «Жылы лебіз» тренингі арқылы жағымды психологиялық ахуал орнатылды
– «Буллинг деген не?» тақырыбында ой қозғап, бейнеролик арқылы түсінік берілді
– Оқушылар буллингтің түрлерін (вербалды, физикалық, кибербуллинг) талдап, жағдаяттық тапсырмалар орындады
– «Көпір құру» ойыны арқылы бірлік пен қолдаудың маңызын түсінді
– «Біз бірге күшпіз» командалық ойыны оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиеледі
Сабақ соңында оқушылар «Мен буллингке қарсымын!» тақырыбында өз пікірлерін білдіріп, ой бөлісті.
Бұл тәрбие сағаты оқушыларға мейірімділік, сыйластық және қолдау көрсету – кез келген қиындықты жеңудің басты жолы екенін ұғындырды