"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2025-2026 оқу жылының 20-сәуір күні 9"Ә"сынып жетекшісі Суппаева Нағима сынып сағатын өтті.
Сынып сағатының тақырыбы:
«ДОСBOLLIKE» – «Буллингтен қорған!», «Өзіне сену: мен істей аламын, сен істей аласың, біз жасай аламыз!»
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы:
«Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі қай жастан басталады».
Мақсаты:
Оқушылардың сыныптастарымен өзара қарым-қатынаста бір-біріне көмектесудің маңызын түсіндіру, өз әрекеттеріне саналы түрде жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, жақсы істер арқылы өмірге деген құлшынысын арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі туралы білім беру.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Топтық жұмыс, рефлексиялық талдау, «Мультифото» әдісі, «Дилтс пирамидасы» әдісі, сұрақ-жауап, бейнематериалмен жұмыс, пікір алмасу, практикалық тапсырмалар қолданылды.
Жеткен нәтиже:
Оқушылар бір-біріне қолдау көрсетудің және ынтымақтастықтың маңызын түсініп, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Өз әрекеттерін талдап, жауапкершілік туралы түсініктері артты. Құқық бұзушылықтың түрлері мен олардың салдарын ажырата білді.
Қорытынды:
Сынып сағаты жоспарға сәйкес өткізілді. Оқушылар белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды орындады. Сабақ барысында достық, жауапкершілік және құқықтық сауаттылыққа бағытталған мақсаттар толық орындалды. Оқушылардың өмірлік ұстанымдары мен әлеуметтік дағдылары нығайды.