Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

19.10.2026 жылы Арыс жалпы білім беретін мектебінде 9 «А» сыныбында «ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында «Өміршеңдік ресурстары» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты: оқушылар арасында ұл мен қыз бала арасындағы сыйластықты, шынайы достықты қалыптастыру, өзара құрмет пен сенімді қарым-қатынасты дамыту, адамгершілікке, инабаттылыққа және адалдыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар достықтың мәні мен маңызы туралы ой бөлісіп, «Дос деген кім?» сұрағына өз көзқарастарын білдірді. «Достық» туралы тағылымды әңгіме тыңдап, мақал-мәтелдерді жалғастыру арқылы білімдерін ортаға салды.

Сонымен қатар «Мінездеме беру» тренингі арқылы бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді бағалауға, адамгершілік құндылықтарды тануға және сыныпта жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған тапсырмалар орындады.

Нағыз достық – сенімнен басталып, сыйластықпен нығаяды! Досыңды құрметтеу, қиын сәтте қолдау көрсету, сыр сақтай білу және бір-біріне түсіністікпен қарау – шынайы достықтың басты белгілері.

Достықты бағалайық, бір-бірімізді қолдайық! Өйткені татулық пен сыйластық бар жерде бірлік те, береке де бар.

Сынып жетекшісі: Рахматла Назерке

#АрысЖББМ #ДОСБОЛLIKE #ӨміршеңдікРесурстары #Достық #Сыйластық #ТәрбиеСағаты #9Асыныбы #БірлікПенЫнтымақ