Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

21 қыркүйек 2026 жыл

Арыс жалпы білім беретін мектебінің 9 «В» сыныбында сынып жетекшісі Сатымбекова Гулдарига Айдарқызының ұйымдастыруымен «Еңбегі адал жас өрен» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға еңбектің адам өміріндегі маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, адал еңбекке және еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар еңбек арқылы жетістікке жетудің, жауапкершілік пен табандылықтың маңызын талқылады.

Сынып сағаты барысында оқушылар:

«Еңбек түбі – береке» тақырыбында ой бөлісті;

Мақал-мәтелдерді жалғастырып, еңбек туралы білімдерін толықтырды;

Топтық жұмыстар орындап, постерлер қорғады;

«Мен еңбекқормын, өйткені...» тақырыбында шығармашылық тапсырмалар орындады;

Еңбекпен келген табыс пен оңай жолмен келген табыстың айырмашылығын талқылады.

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Ата-аналарға деген сенім өмірде маңызды шешімдер қабылдауға қалай әсер етеді?» тақырыбында оқушылар отбасындағы сенімнің, ашық қарым-қатынастың және ата-анамен кеңесудің маңызын түсінді.

Сабақ барысында оқушылар маңызды шешім қабылдағанда жақын адамдардан кеңес сұрау, қиындықтарды жасырмай бөлісу және отбасылық қолдаудың адам өміріндегі рөлі туралы пікір алмасты. Топтық және ситуациялық тапсырмалар арқылы қауіпсіз әрі дұрыс шешім қабылдау жолдарын қарастырды.

Апта дәйексөзі: «Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы».

Еңбекке құрметпен қарайтын, жауапкершілігі мол, өз болашағына сенімді жас ұрпақ тәрбиелеу – баршамызға ортақ міндет!

#ЕңбегіАдалЖасӨрен #СыныпСағаты #ҚауіпсіздікСабағы #9Всынып #АрысЖББМ #ЕңбекТүбіБереке #ТәрбиеЖұмысы #ОтбасыСенімі