Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні
«Өмірге салауатты қадам»
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы:
№28-сабақ «Ештеңеге өкінбеу үшін дұрыс таңдауды қалай жасау керек?»
Сыныбы: 9 «Б»сынып
Сынып жетекшісі: Избасарова Динара 
Мақсаты:
Оқушыларға денсаулықтың маңыздылығы түсіндірілді, салауатты өмір салты насихатталды және денсаулықты сақтау дағдылары қалыптастырылды. Сонымен қатар, оқушыларға дұрыс шешім қабылдау, өз таңдауы үшін жауапкершілік алу және өмірлік жағдаяттарда саналы әрекет ету дағдылары үйретілді.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Сынып сағаты барысында әңгімелеу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жағдаяттық тапсырмалар, дебат, рөлдік ойындар әдістері қолданылды. «Денсаулық деген не?» тақырыбында топтық жұмыс жүргізілді. Жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылар өз позицияларын қорғауға үйренді. «Жастардың денсаулығына қоғам әсер ете ме?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Қауіпсіздік бөлімінде «Құқықтар мен талаптар» және «Бас тарту» ойындары арқылы оқушылардың шешім қабылдау дағдылары дамытылды.
Жеткен нәтиже:
Оқушылар денсаулықтың маңызын түсінді және салауатты өмір салтының негізгі қағидаларын меңгерді. Өз таңдауы үшін жауапкершілік алу, дұрыс шешім қабылдау дағдылары қалыптасты. Қиын жағдайларда өз пікірін қорғауды және «жоқ» деп айтуды үйренді. Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізді.
Қорытынды:
Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылардың өмірлік таңдауларға деген жауапкершілігі артты және қауіпсіздік пен өзін-өзі қорғау дағдылары қалыптасты. Сабақ мазмұнды әрі қызықты өтті, оқушылардың белсенділігі жоғары болды.