Арыс қаласының Білім бөлімі КММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың сәуір айында директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен тарих пәнінің мұғалімі Бақкелдиева Айгүл 7.04.26ж 5 "А" сыныбына «Ғұндардың Батысқа жорығы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өтті. Сабақта оқушыларды «Алтын кілт» әдісі бойынша сыныпты топқа бөліп алды. Топ Аттила, Мөде, Лаушан деп Ғұн тайпаларының басшыларымен топқа бөлінді. Үй тапсырмасын «Қар кесегі» әдісі бойынша сұрады.
Оқушылар әрбір сұраққа жауап беріп, өз өздерін бағалап отырды. Жаңа сабақты ақиық ақын М.Жұмабаевтың Пайғамбар өлеңіндегі біз түбі бір түркі Ғұн тайпасынан жаратылғанымыз туралы айтып бастады. Жаңа сабаққа «Кинометафро» әдісі арқылы бейнебаян көрсетіліп, арасында Ғұн тайпасы туралы түсіндіріліп отырды. Жаңа сабақты толықтыру мақсатынада мәтінмен жұмыс жасалды 1-топқа Ғұн тайпасының Батысқа қоныс аударуы тіліне, антропологиясына, саяси картаға өзгеріс алып келді ме? -деген тақырыпқа топтаса отырып жауап берді.
2- топқа «Картамен жұмыс» берілді. Бұл жерде балалар кескін картаға Ғұндардың батысқа жорығын сипаттап берді. 3-топқа «Аттиланың жаулаушылық жорықтары туралы» постер қорғау берді. Оқушылар тапсырманы орындап тақтаға шығып қорғады. Әрбір жауап беріп отырған оқушы өз өзін бағалап отырды. Жұптық жұмысқа «Венн диаграммасы» әдісі арқылы екі оқушыдан Ғұн билеушілері Мөде шаньюйі мен Аттиланың ұқсастығы мен ерекшелігін анықтайды. Әр топтан екі оқушы шығып тапсырманы орындады. Әр тапсырманың соңында жауап берген оқушы өз өзін бағалап отырды. Жеке жұмыста «Себеп-салдар» әдісі арқылы сабақты қортындылады. Ғұндардың Батысқа не себепті қоныс аударуының себебі мен салдарын анықтады. Әрбір дұрыс жауап берген оқушы өз өзін дұрыс бағалап отырды. Сабақтың соңында «3+2+1» әдісі бойынша Кері байланыс алынды.