Ғарышкерлер күні – адамзаттың ұлы жетістігі
«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ 17.04.2026ж 8 «Г» сынып жетекшісі Тогимбетова Асем сынып оқушыларымен «Ғарышкерлер күні – адамзаттың ұлы жетістігі» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Ғарышкерлер күні маңызын түсіндіру, ғарыш туралы білімдерін кеңейту; адамзаттың ғарышты игерудегі жетістіктерін таныстыру; оқушылардың ойлау, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақ барысында оқушылар ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейтіп, алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин және қазақ ғарышкерлері туралы мәліметтермен танысты.
«Жұлдызды тілек» тренингі арқылы жағымды атмосфера қалыптасты
Мәтінмен жұмыс жасап, негізгі ойды анықтады
Топтық жұмыс барысында постер қорғап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті
Сергіту сәтінде «ғарышқа ұшу» жаттығуын орындады
«Мен ғарышкер болсам...» тақырыбында өз ойларын жазды
Сабақ соңында оқушылар өз пікірлерін білдіріп, бір-бірін бағалады.