Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Құрметті ұстаздар, оқушылар және ата - аналар!
Баршаңызды көктемнің алғашқы мейрамы, жаңа жылдың бастамасы - 22 Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз - бұл тек табиғаттың жаңаруын ғана емес, халқымыздың бай мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің ұмытылмауын, жаңғыруын білдіретін ұлы мереке. Осы мерекені тойлай отырып, біз өткенімізді еске алып, болашағымызға үмітпен қарап, жаңа жылға жаңа жетістіктермен қадам басамыз.
Бұл күн - қуаныш пен үміт, бірлік пен татулық, келісім мен бақыттың мерекесі. Баршаңызға денсаулық, бақыт, табыс тілеймін! Ұжымымызда, отбасымызда, қоғамымызда береке мен бейбітшілік болсын! Алға қойған мақсаттарға жетіп, еліміздің өркендеуіне өз үлесімізді қосуға тілектеспін.
Наурыздың қасиетті күні әрбір үйге бақ-береке, тыныштық пен жақсылық әкелсін! 
Ізгі тілекпен, Арыс жалпы білім беретін мектебінің директоры Кушкарбеков Ералы.