Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың 15 қыркүйек күні "Қауіпсіз балалық шақ" жобасы аясындағы 7-8 cыныптың ұл балаларына жиналыс өтті.

Тақырыбы: «Қауіпсіз балалық шақ және құқықбұзушылықтың алдын алу»

Жиналысты Арыс ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенантты Ж.Таттыбеков , директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Исаев өткізді.

Жиын барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық, өз құқықтары мен міндеттерін білу, мектеп тәртібін сақтау және жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Жасөспірімдерге құқықтық сауаттылық пен қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығы жөнінде пайдалы ақпарат берді.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жауап алды.

Басты мақсатымыз – әр баланың қауіпсіз ортада тәрбиеленуіне жағдай жасау, құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жауапкершілігін арттыру.

Қауіпсіз балалық шақ – жарқын болашақтың негізі!