Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысында «Адал ата-ана — қауіпсіз балалық шақ» өңірлік тұжырымдамасы аясында балалардың қауіпсіздігі мен жарқын болашағына бағытталған кешенді жұмыстар жүргізілуде.  
Тұжырымдаманың басты бағыты – әр баланың өмірі мен денсаулығын қорғап, қауіпсіз орта қалыптастыру. Осы мақсатта жұмыс үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асады:  

Дене саулығы және қауіпсіздік  

Балаларды судағы қауіптен, тұрмыстық жазатайым жағдайлардан және жол-көлік оқиғаларынан қорғау – басты міндеттердің бірі. Каналдар мен өзен-көлдердегі қауіпсіздік, терезеден құлау, өрт пен газдан сақтану, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары күшейтіледі.  
Эмоционалдық және рухани қауіпсіздік  

Бала үшін ең қауіпсіз орта – түсіністік пен сенімге құрылған отбасы. Осы бағытта ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, суицид пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдерге дұрыс тәрбие мен психологиялық қолдау көрсетуге басымдық беріледі.  
Әлеуметтік және құқықтық жауапкершілік  

Жасөспірімдердің түнгі уақыттағы жүріс-тұрысын бақылау, вейп, есірткі және құмар ойындардың зияны туралы ақпараттандыру – қоғам алдындағы маңызды міндет. Баланың қауіпсіздігіне тек мектеп емес, ата-ана мен қоғам да бірге жауапты.  

Бала қауіпсіздігі – бір күндік науқан емес, әр отбасының күнделікті назарындағы маңызды мәселе. Өйткені әр баланың амандығы – ел болашағының кепілі.