"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 7-11-сынып қыздарына қауіпсіздік ережелерін түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге Арыс АПБ ҚҚб ОТЗЗҚКт полиция аға лейтенанты М. Шайзанда қатысып, оқушыларға қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет ету, көмекке жүгіну жолдары, жеке қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша маңызды ақпараттар берді.
Оқушылар өздерін қорғау, күмәнді жағдайларда сақтық таныту және қажет кезде тиісті қызметтерге хабарласу туралы пайдалы мәліметтер алды.
Қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!
Қауіп төнсе – үнсіз қалма, көмекке хабарлас!
#АрысМектебі #Қауіпсіздік #ҚауіпсіздікКодтары #Арыс #Профилактика #БалаларҚауіпсіздігі