Арыс қаласының Білім бөлімі КММ қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп " коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2026 жылдың сәуір айында айының директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары К.Турегельдиеваның ұйымдастыруымен тарих пәнінің мұғалімі Қолдасова Айгүлдің 16.04.2026 жылы 10 "Ә" сыныбында "Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы" тақырыбында ашық сабағы өткізді. Сабақ барысында пән мұғалімі оқушылармен психологиялық ахуал орнатып, оқушыларды "Әр аспап-бір күш, бәрі қосылса-үлкен күш" деген ұранмен 3 топқа біріктірді.
1 - топ Қобыз
2 - топ Домбыра
3 - топ Жетіген.
Үй тапсырмасы "Садақ ату әдісі" арқылы жүргізілді. Ой қозғау мақсатында видеоролик көрсетіліп оқушылардың ойымен ұштастыра отырып, жаңа тақырыпқа өтті. Жаңа тақырып "Қазақтардың дәстүрлі дүниетанымы"
Мақсаты:
10.4.1.3-қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымын анықтау үшін "әдет-ғұрып", "рәсім"," салт-дәстүр", "діл(менталитет) ұғымдарын пайдалану.
10.4.1.4-қазақ халқының рухани адамгершілік құндылықтарын салт-дәстүрлерді зерттеу негізінде түсіндіру. Топтық тапсырма "Тәңіршілдік сенімі", "Діни ерекшеліктері", "Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарының ерекшеліктері" арқылы жүргізілді. Жұптық тапсырмалар арнайы кеспе қағазы арқылы берілді.
Жаңа сабақты пысықтау "Сиқырлы сандық" әдісі арқылы жүзеге асты. Оқушылар сабаққа белсене атсалысып отырды соған орай ауызша және арнайы дайындалған "Бағалау кестесі" арқылы бағаланып отырды. Кері байланыс "ТТС" сабақты түсіндім, сабақты түсінбедім, сабаққа сұрағым бар туралы өз ойларын жазып берді. Оқушыларды сабақ барысында мұғалім жеке - жеке де ауызша бағалап отырды. Өзі қысқаша қорытындылап, үйге тапсырма берді.