Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан обылысы Арыс қаласы 'Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп' КММ де 02.06. 2026жылы "Көңілді жаз-бақытты балалық шақ"тақырыбында бүгінгі күннің іс-әрекеті өтілді.

Мақсаты: Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру,шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту. Салауатты өмір салтын насихаттау

Бүгінгі күнді балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып,дене шынықтыру пән мұғалімі Білісбек Нұрсұлтан ағаймен таңғы жаттығу жасады.

Психолог Конусбаева Гульжан Аманкелдиевна

"мандала әдістемесі"тақырыбында жұмыс жасады

Негізгі мақсаттары:

Эмоционалдық күйін анықтау;

Мазасыздық пен ішкі шиеленісті төмендету;

Зейін мен шоғырлануды дамыту;

Шығармашылық қабілеттерін арттыру;

Өзін-өзі тануға және өзін еркін білдіруге көмектесу.

Кітапханашы Каблашова Гүлжазира.

Тақырыбы: 'Ертегілер еліне саяхат' . Ертегі кейіпкерін табу ойыны ұймдастырлыды Балалар қызыға ойнады және белсене қатысты.

Мақсаты: Оқушылардың ертегілер әлеміне деген қызығушылығын арттыру, қазақ және әлем халықтары ертегілерінің кейпкерлерін таныту арқылы тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Тапқырлық логикалық ойлау, командада жұмыс істеу дағдысын дамыту.

Тәрбиешілер "Туған жерім-тал бесігім"тақырыбында балаларға бейне ролик көрсетіп,туған жер туралы мақал-мәтел жарысын ұйымдастырды.

Балалар жақсы көңіл -күймен үйлеріне қайтты.