Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2026 жылдың 15.09. күні Арыс АПБ ҚҚБ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Ж.Тәттібеков,ДТЖЖО Қ.Исаев, аға тәлімгер Г.Мусаева және сынып жетекшілерінің қатысуымен

9 –11 сынып ұл- қыздарына профилактикалық бағытта жиналыс өткізілді.

Жиналыс барысында оқушыларға буллинг, әлімжеттік, құқықбұзушылық, кемсіту, қорлау және бір-біріне күш көрсету әрекеттерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар:

мектептің ішкі тәртіп ережелерін сақтау;

оқушының құқықтары мен міндеттері;

құқықбұзушылықтың салдары және жауапкершілік;

өзара сыйластық пен мәдени қарым-қатынас;

жанжалдарды бейбіт жолмен шешу;

қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы айтылды.

Оқушыларға тәртіпті сақтау, өз ісіне жауапкершілікпен қарау, үлкенді сыйлау, достарына құрметпен қарау және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.

Бір-бірімізді құрметтейік!

Буллингке жол бермейік!

Тәртіп – қауіпсіздіктің негізі!

#АрысЖББМ

#БуллингтіңАлдыналу #Құқықбұзушылықтыңалдыналу #МектепТәртібі #ҚауіпсізМектеп #Тәрбие