" Арыс жалпы білім беретін мектеп' КММ-де
12.10.2026.күні
11 «Ә» сынып
жетекшісі Қолдасова Айгүл Ұласбекқызы
«Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» апталығы аясында:
«Құмар ойынға жол жоқ: саналы таңдау – қауіпсіз болашақ» және «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбында
оқушылардың қауіпсіздігі мен саналы таңдау жасау дағдыларын қалыптастыру мақсатында тәрбие сағаты және 10 минуттық қауіпсіздік сабағы өткізілді.
Сабақ барысында құмар ойындардың адам өміріне, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсері талқыланды. Оқушыларға құмар ойыннан аулақ болудың, уақыт пен мүмкіндікті тиімді пайдаланудың және өз болашағына жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбында оқушыларға алаяқтық әрекеттерді тану, күмәнді ұсыныстарға сенбеу, жеке мәліметтерді қорғау, жалған ақпаратты ажырату және кез келген шешімді саралап қабылдау жолдары түсіндірілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – жасөспірімдерді теріс әдеттерден сақтандыру, сыни ойлау қабілетін дамыту, қауіпсіздік ережелерін сақтауға және өз таңдауы үшін жауапкершілік алуға тәрбиелеу.
Саналы таңдау – жарқын болашақтың кепілі!
Жастарымыз жаман әдеттен аулақ болып, өз өмірін бағалайтын, қауіпсіздікке бейжай қарамайтын, ел болашағына жауапты азамат болып қалыптассын!
#АрысЖалпыБілімБеретінМектеп
#11Әсыныбы
#ҚұмарОйынғаЖолЖоқ
#ҚауіпсізБолашақ
#СаналыТаңдау
#ҚауіпсіздікСабағы