Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы білім басқармасының «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» ұйымдастыруымен өткен «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық іріктеу кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9-сынып оқушысы Маман Омар жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жас өрен ІІІ дәрежелі дипломмен және медальмен марапатталды. Алғашқы әскери дайындық жетекшісі Артықбай Роза Омардың бұл жетістігі — табандылық пен отансүйгіштіктің, қажырлы еңбектің жемісі. Жеңісің құтты болсын! Алар асуларың көп, биіктерің биік болсын!