Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Қыз болмысы – ұлт айнасы» "Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 11.09.2026 жылы

7-11 сынып қыздары арасында «Қыз болмысы – ұлт айнасы» тақырыбында қыздар жиналысы өтті.

Мектебімізде тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасардың міндетін уақытша атқарушы Суппаева Нагима Сейфуллақызының ұйымдастыруымен қыздар арасында «Қыз болмысы – ұлт айнасы» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы қыздар жиналысы өткізілді.

Жиналыстың басты мақсаты – қыз балалардың бойына әдептілік, инабаттылық, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу қасиеттерін қалыптастыру, қыз баланың қоғамдағы және отбасындағы маңызды рөлін түсіндіру.

Кездесу барысында қыз тәрбиесі, жеке бас мәдениеті, қарым-қатынас әдебі, сыртқы келбет пен ішкі мәдениеттің үйлесімі, әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану және болашаққа жауапкершілікпен қарау мәселелері кеңінен қозғалды.

«Қыздың көркі – қылығында, тәрбиесі – болмысында» дегендей, әрбір қыз – отбасының ғана емес, тұтас ұлттың тәрбиесін танытатын тұлға.

Осындай тағылымды кездесулер арқылы жас қыздарымыздың бойында ұлттық сана, рухани құндылық және өзіне деген сенім қалыптасады деп сенеміз.