Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс ЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде кітапханашы Қаблашова Гүлжазира мен мұғалім Түзелова Меруерттің ұйымдастыруымен «Кел, балалар, оқылық!» Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері мен өлеңдері желісі бойынша 3–4 сыныптар арасында жасырын мақал-мәтелдерді табуға арналған квест ойын өтті.

Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармаларын оқушыларға таныстыру. Оның әңгімелері арқылы имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрметтеуге және үлгі алуға баулу.

Ойын барысында ақынның өмірбаяны туралы бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы оқушылар дайындалды. Қатысушылар «Еңбек» және «Бірлік» топтарына бөлінді. Сайыс төрт бөлімнен тұрды: өлеңді жатқа айту, ақынның әңгімесін оқып қорғау, «Жасырын мақал-мәтелдер» квесті және «Мақалды құрастыр» ойыны.

Әділқазылар алқасы сайысты бес балдық жүйемен бағалады. Нәтижесінде «Еңбек» тобы бірінші, «Бірлік» тобы екінші орын алды. Екі топқа да «Ыбырайдың ізбасарлары» атағы берілді. Оқушыларға ақынның өлеңдері мен әңгімелерін оқып, кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру ұсынылды.