Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектебімізде ұстаздардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау және ұлттық педагогикалық мұраны дәріптеу мақсатында «Кітап оқитын ұстаз келбеті» атты әдеби кеш 9 «А,Ә,Б,В,Г» сынып жетекшілері ұйымдастырды.

Кеш барысында қатысушылар кітаптың адам руханиятындағы орны туралы ой бөлісіп, қазақтың көрнекті ағартушылары мен ұлт ұстаздарының еңбектерімен танысты. Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынұлы, Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов сынды тұлғалардың педагогикалық мұрасы сөз болды.

Әдеби кештің «Ұстаздың сүйікті кітабы» бөлімінде ұстаздар өздерінің сүйікті шығармаларымен бөлісіп, кітаптан алған әсерлері мен түйген ойларын ортаға салды.

«Кітаптан түйген ой», «Білімді ұрпақ – кітаптан» бөлімдерінде ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар кітап оқудың тұлғалық дамуға және бала тәрбиесіне әсері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар «Кітап сыйла – ізгілік сыйла» акциясы ұйымдастырылып, қатысушылар мектеп кітапханасына кітаптар тарту етті.

Кітап – білімнің қайнар көзі, рухани дамудың негізі. Ал кітап оқитын ұстаз – шәкіртіне ізденістің, білімнің және үздіксіз дамудың үлгісін көрсететін тұлға.

Кітап оқиық! Білім іздейік! Рухани байлығымызды бірге арттырайық!

#КітапОқитынҰстазКелбеті

#КітапОқу

#Ұстаз

#Кітапхана

#РуханиҚазына

#БілімдіҰрпақ

#ОқуМәдениеті