Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «АрысЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздары Ұстаздар күніне орай
«КІТАП СЫЙЛА» ЧЕЛЛЕНДЖІН
ұйымдастырды.
Кітап – адамзаттың рухани қазынасы, білім мен тәрбиенің сарқылмас көзі. Оқырманға жақсы кітап сыйлау – білімге, ізденіске және рухани дамуға жасалған үлкен сый.
Челлендждің басты мақсаты – мұғалімдер арасында кітап оқуды насихаттау, кітапқа деген қызығушылықты арттыру және әріптестерге жақсы кітап сыйлау арқылы оқырмандық мәдениетті қалыптастыру.
Әр ұстаз өзіне ұнаған, мағыналы әрі тағылымды кітабын әріптесіне сыйлап, кітаптың құндылығын насихаттады.
«Жақсы кітап – жан азығы» демекші, сыйланған әрбір кітаптың өз оқырманын тауып, жүрекке жылу, санаға сәуле сыйлауына тілектеспіз!
Кітап сыйлау – білім сыйлау!
Кітап оқу – рухани байлық!
Кітаппен дос болайық!
#КітапСыйла
#КітапЧелленджі
#КітапОқығанҰлт
#ОқуғаҚұштарМектеп
#ҰстаздарЧелленджі
