Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Г.Каблашова

«Ахмет мұрасы – ұрпаққа аманат» тақырыбында

Мектеп кітапханасында ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым, ақын, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының тағылымды мұрасын насихаттау мақсатында «Ахмет мұрасы – ұрпаққа аманат» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.

Көрменің мақсаты:

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылық жолын жас ұрпаққа таныстыру, ақынның ғылыми және әдеби еңбектерін насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрме барысында оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі, ел болашағы үшін атқарған еңбегі, қазақ тіл білімі мен әдебиетіне қосқан зор үлесі туралы мағлұматтар берілді. Сондай-ақ ақынның шығармалары мен ғылыми еңбектері таныстырылды.

«Ұлт ұстазының ұлағаты – ұрпаққа мәңгілік мұра».