Мақсаты: Оқушыларға эмоционалдық жағдайды түсінуді, күйзелісті (стресті) дұрыс басқаруды үйрету; көңіл-күй мен эмоцияны бақылау арқылы бұл сезімнің адамға қалай көмектесетінін ұғындыру; сыныптастарымен достық, сыйластық және өзара қолдау қарым-қатынасын қалыптастыру.
Қызықты тренингтер: Оқушылар бойдағы мазасыздықты жеңуге арналған тыныс алу жаттығуларын жасап, «Эмоциялар әлемі» ойыны арқылы жағымсыз көңіл-күйді серпілтудің жолдарын меңгерді. Сонымен қатар, «Досыңа қолдау көрсет» тапсырмасы арқылы қиын сәтте бір-біріне жылы сөз сыйлап, сыныпта жағымды атмосфера орнатты.
Сынып жетекшісі:Нурсеит Л. Е