Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

«Арыс жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында 8–11 сынып қыздары арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында слайд көрсетіліп, «XXI ғасыр қызы – заманауи идеал» тақырыбында баяндама оқылды. Іс-шараны ұйымдастырған педагог-психологтар: Г. Конусбаева, А. Мақажанова, тәлімгер: Г. Мусаева. Жиналыстың мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, өзін-өзі ұстау мәдениеті, жүріс-тұрыс әдебі, қыз намысы туралы жан-жақты мәлімет беру арқылы олардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді, әдептілік пен сыпайылықты қалыптастыру, әдемілікке, тазалыққа және жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу. 11-сынып оқушысы Әділханқызы Гүлназым қыз балаларға төмендегі тақырыптар аясында өз ойын ортаға салды: Форма сақтауға не кедергі? Мектеп оқушысы қандай болуы керек? Жеке бас гигиенасы туралы не айтамыз? Оқушыларға сұрақтар қойылып, олар өз ойларын еркін жеткізді. Сонымен қатар, қыз балалар өз пікірлерін ашық айтып, белсенділік танытты. Жиналыс барысында оқушылар тәрбиелік мәні зор мәліметтер алып, өзара пікір алмасты.