Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «АрысЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Мектеп кітапханасында 9 сынып оқушыларымен
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібектің туғанына 95 жыл толуына арналған «Ұлт руханиятының шырақшысы» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Өзбекәлі Жәнібектің өмірі мен ел тарихы, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны сақтауға қосқан еңбегі туралы мағлұмат беру, жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, тарихи тұлғаларды танып-білуге және кітап оқуға қызығушылығын қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар тұлғаның өмір жолы мен шығармашылығына қатысты мәліметтермен танысып, сұрақ-жауапқа қатысып, ұлттық мұра мен руханият туралы өз ойларын ортаға салды. Кітап көрмесіндегі әдебиеттермен танысып, тағылымды тұлғаның халқына сіңірген еңбегін таныды.
