Қауіпсіздік сабағының тақырыбы: «Жасөспірімдер жұмысқа орналасу кезінде не туралы білуі керек»
Сынып жетекшісі: Нагима Суппаева
Күні: 13.04.26
Сынып: 9 «Ә»
Мақсаты:
Сынып сағаты барысында оқушылар мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, өз қабілеті мен қызығушылығына сай мамандық таңдауға бағыт алды. Оқушылар сыни ойлау, талдау және шешім қабылдау дағдыларын дамытты. Қауіпсіздік сабағында жасөспірімдерге жұмысқа орналасудың негізгі аспектілері, құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заңды талаптарды сақтау қажеттілігі туралы мәлімет берілді.
Өткізілген әдіс-тәсілдер:
Сабақ барысында интерактивті сұрақ-жауап, топтық және жұптық талқылау, жағдаяттық тапсырмалар, постер қорғау, презентациялар мен слайд көрсету, шығармашылық тапсырмалар, тәжірибелік мысалдар қолданылды. Қауіпсіздік сабағында түсіндіру, талқылау, мысалдар арқылы қарапайым қағидаларды үйрету және пікір алмасу әдістері пайдаланылды.
Жеткен нәтиже:
Оқушылар мамандық таңдау процесінің мәнін түсініп, мамандыққа әсер ететін факторларды талдады. Топтық және жеке тапсырмалар арқылы шешім қабылдау дағдыларын көрсетті. Қауіпсіздік сабағында жасөспірімдердің еңбек құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, заңсыз еңбек қатынастарына жол бермеу қажеттілігін меңгерді.
Қорытынды:
Сынып сағаты өз мақсатына жетті. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, өз ойларын дәлелдер арқылы жеткізді. Танымдық және тәрбиелік тапсырмалар тиімді өтті, жасөспірімдердің еңбек құқықтары мен қауіпсіздік қағидаларын түсіну деңгейі артты.