"Мектебім - мейірім мекені” салтанатты жиыны өткізілді
Арыс қаласының білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 - 2026 оқу жылының Білім күні "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Салатанатты жиында мектеп директоры Кушкарбеков Ералы Рахматуллаевич мерекемен құттықтады.
Салтанатты жиынның қонақтары:
Арыс қаласының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы Асанов Марат Абдыбекович
Ардагер ұстаз Ж Нарбекова
Зейнеткер ұстаз Ұ Сейтқұлова қатысты.
1 сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндеріміз ізгі-тілектерін білдірді.
Іс-шара барысында бүлдіршіндеріміз әннен шашу шашып, би билеп, өлең-шумақтарын арнады.
2025 - 2026 оқу жылында мектебіміз "Адал азамат" тұжырымдамасының идеаларына сай, патриоттық рухта тәрбиелейтін, білімді әрі жасампаз ұрпақты қалыптастыру мақсатында жұмыс жасайды.