Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мектебімізде 2026 жылдың 12 қазан күні мектеп парламентінің президент сайлауы 9–11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымының қатысуымен өткізілді.
Сайлау ережесіне сай мектеп президенттігіне 2 үміткер ұсынылып, олардың бағдарламалары алдын ала мектеп оқушыларына таныстырылды.
Сайлау нәтижесінде үміткерлер арасынан басым дауыс жинаған 10 «Ә» сынып оқушысы Үмбет Мерей «Мектеп президенті» болып сайланды.
Құттықтаймыз, сәттілік!
#адалазамат #біртұтастәрбие #өзін_өзібасқару #школьное_самоуправление #мектеппарламенті