Мұғалімдер күні мерекесіне орай
"Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде" 2026 жылдың 05 қазан күні дәстүрлі «Дублер күні» өткізілді.
Бұл күні жоғары сынып оқушылары мектеп тізгінін өз қолдарына алып, шынайы жауапкершілік пен еңбек көрігін сезінді. Жаңадан тағайындалған «орынбасарлар» және «пән мұғалімдері» сабақ кестесін қатаң сақтап, кіші сыныптарға қызықты әрі мазмұнды сабақтар өткізді.
Дублер күнінің нәтижесі:
Оқушылар ұстаз еңбегінің қаншалықты ауыр әрі мәртебелі екенін түсінді;
Бойларындағы көшбасшылық пен ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдады;
Мұғалімдерімізге мерекелік көңіл-күй мен аз да болса демалыс сыйлады!
Барша Ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!
Шәкірттеріңіздің жетістігі — сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі.
#Адал_азамат_біртұтас_тәрбие
#ДублерКүні #МұғалімдерКүні #ӨзінӨзіБасқаруКүні #МектепӨмірі #ҰстаздарМерекесі #БілімДәстүрі