Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан обылысы Арыс қаласы 'Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп' КММ де 04.06. 2026 жылы жазғы "Балдәурен " лагерінің жоспарына сәйкес

"Мемлекеттік рәміздер -ұлттық мақтанышымыз"тақырыбында бүгінгі күнімізді ашық аспан астында әнұранымызбен бастадық. Шаттық шеңбер ұйымдастырылып тәрбиешілер балалардың,Елтаңба,Ту,Әнұран туралы түсініктерін қалыптастыру және нығайту мақсатында түсіндірме жұмыстарын жасап,арнайы мерекелік флешмобпен жалғастырды. Сонымен қатар арнайы берілген тапсырма бойынша "Ұлттық рәміздерім мақтанышым" тақырыбында челлендж ұйысдастырылып ,С.Сейфуллин мектебіне жолданды.

Келесі іс-әрекетті психолог Қонысбекова Гүлжан апайымыз «Менің Қазақстаным» тренингі өтті.

Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін кеңейту, патриоттық сезімдерін дамыту.

«Менің рәміздерім» коллаж әдістемесі.

Журналдардан, суреттерден қиып алып, Қазақстанның рәміздері мен көрікті жерлерінен коллаж құрастырды.

Сергіту ойындары мен көңілді жаттығулар жасалды

Бұл жұмыстар балаларды белсенді қатыстырып, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды

Кітапханашы Каблашова Гүлжазира апайымыз "Мемлекеттік рәміздер ел мәртебесі "тақырыбында іс әрекетін өткізді.

Мақсаты: Оқушыларға ҚР мемлекеттік Туы Елтаңбасы,Әнұранының авторлары,тарихы,мағынасы туралы толық мағұлмат берді. Рәміздердің мемлекет үшін мағынасын түсіндірді. Еліміздің рәміздерін құрметтеуге ,қастерлеуге,мақтан тұтуға тәрбиелейтін арнайы бейне фильмдер көрсетті.