Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

#Біртұтас_тәрбие 
#Республика_күні

Түркістан облысы, «Арыс қаласының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ - де қазан айының 24-жұлдызында Республика күніне орай өзін-өзі басқару ұйымы, тәлімгер Г.Мұхаеваның ұйымдастыруымен "Мәңгілік жаса, қыран елім, Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шарасы өтілді.

Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүйюге, , туған халқының тілін, мәдениетін, салт – дәстүрін қастерлейтін саналы да парасаты азаматтарды тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

1990 жылы 25 қазанда Республиканың жоғары кеңесі еліміздің тәуелсіз мемелекет ретінде дамуының құқықтық негізін қалаған Декларацияны қабылдады. Осы тарихи маңызды қадам арқылы Қазақстан дербестіктің, тәуелсіздіктің алғашқы баспалдағын басты. Сол уақыттан бері мемлекетіміз өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына төтеп бере отырып, даму мен өркендеу жолында келеді.

Шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салды, қыздар би билеп, «Мен қазақпын» өлеңі орындалып, қазақ күйлерін домбырада керемет орындады.

Іс-шараны ДТЖЖО Қ.Исаев қорытындылап, Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы күресі мен жетістіктерінің маңыздылығын тағы да атап өтті. Оқушыларды патриот болуға, елімізге үлес қосуға, білім алуға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге шақырды.