Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Арыс қаласы білім бөліміне қарасты «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөліміне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2025-2026 оқу жылында, сәуір айының 15-жұлдызында "Тарих және құқық негіздері пәндерінің онкүндігі аясында Кучкарбекова Жанар ашык сабақ өтті.
 Тақырыбы : "XX ғ. 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің дамуы"
Мақсаты: 8.2.2.4 – Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын  әлемге танытудағы рөліне баға беру.
Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, психологиялық ахуал орнатты.«Kahoot» интерактивті ойын платформасы бойынша үй тапсырмасын сұрады.Тақырып мазмұны бойынша «Пазл» әдісі арқылы топқа бірікті.(Кино өнері, музыкалық өнер, театр өнері)
«Минуттық жауап» айдары бойынша суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбына шығып, тақтадағы суреттер бойынша сұрақтар қойып жауап алды.«Видео пирамидасы» -бейнероликпен жұмыс.
Оқушыларға Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлы туралы  бейнеролик көрсетіліп, 
мазмұнын, маңыздылығын анықтады.Оқушылар топтық тапсырма орындап постер қорғады .Жұптық жұмысты
«СӨЙЛЕМДІ ҚҰРАСТЫР!» тапсырмасын жұптасып орындады.Сабақ соңында «Learning Apps» платформасы арқылы қорытынды тапсырмалар орындап, кері байланысты «Үш сұрақ» әдісі" арқылы берді . Мұғалім оқушыларды бағалап,сабақ өз мақсатына жетті.