7- мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай "Арыс қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мың тағзым сізге, майдангер» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына патриоттық рух қалыптастыру, Отанын сүюге тәрбиелеу, ел қорғаған батырлардың ерлігін ұлықтау. Шара барысында оқушылар патриоттық әндер орындап, жүрек тебірентер тақпақтар оқып, сахналық көріністер қойды. Олар батырлардың ерлігін дәріптеп, Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті. Бейбіт өміріміздің әр күні – ерлікпен келген баға жетпес мұра. Сондықтан біз майдангерлерге әрдайым мың тағзым етеміз! Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран! Іс-шараны ұйымдастырған: тәлімгер – Г. Мусаева