Арыс қаласы білім бөліміне қарасты Арыс жалпы білім беретін мектебінде ДБОЖЖО Ш. Ильясованың ұйымдастыруымен 2026 жылы 24 сәуір күні 8–11 сынып оқушылары арасында жалпы пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының мектепішілік кезеңі өткізілді. Конкурстың негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, дарынды оқушыларды анықтау, олардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми ізденіске баулу болып табылады. Жобалар төмендегі бағыттар бойынша қарастырылды:
• Жаратылыстану-математикалық бағыт;
• Қоғамдық-гуманитарлық бағыт;
• Техникалық және шығармашылық бағыт.
Конкурс барысында оқушылар өз жобаларын қорғап, зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттерін, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңызын таныстырды. Қазылар алқасы жұмыстарды төмендегі критерийлер бойынша бағалады:
• тақырыптың өзектілігі;
• ғылыми зерттеу деңгейі;
• жұмыстың мазмұны;
• тәжірибелік маңызы;
• қорғау мәдениеті.
Қорытынды бойынша үздік деп танылған ғылыми жобалар қалалық кезеңге қатысуға ұсынылды. Мектепішілік кезең жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға және ғылыми ортаға бейімделуіне оң әсерін тигізді.