Арыс қаласының "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2025 - 2026 оқу жылы
Отан қорғаушы!
Қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау - қасиетті борыш. Бұл дегеніміз - батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген. Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар - намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты міндет .
17.09.2025 ж. күні алғашқы әскери дайындық пән мұғалімі Р.Артықбай жоғары сынып оқушыларына әскерге бару мүмкіндіктері мен мазмұнына тоқталып өтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді..
#Адалазамат
#Күзгіәскер