«Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ де 11.05.2026ж «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында 8 «В» сынып оқушыларымен Сатымбекова Гулдариға Айдарқызы тағылымы мол тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызы, ата-ананы құрметтеу, жанұядағы сыйластық пен мейірімділік туралы ой бөлісті. Әсерлі тренингтер, мақал-мәтелдер, шығармашылық тапсырмалар мен жағдаяттық ойындар арқылы оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізіп, белсенділік танытты. «Отбасы – шағын мемлекет» екенін ұғынған оқушылар отбасы бақытының негізі – бірлік, сүйіспеншілік және қамқорлық екенін түсінді. Отбасы аман, шаңырақ шаттыққа толы болсын!