Түркістан облысы білім басқармасының «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «АрысЖББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашы Қаблашова Гулжазира ұстазымыздың ұйымдастыруымен "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 1-қазан Қарттар куніне орай ата - әжелер туралы "Ұрпақтар сабақтастығы " дөңгелек үстелі отбасы құндылықтары туралы пікір алмасу өтті.
Қарт адамдарға құрмет көрсету, олардың өмірлік тәжірибесі мен өнегесін жас ұрпаққа насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, үлкенді сыйлау, ізет көрсету және мейірімділік құндылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
Қарттардың қоғамдағы рөлін насихаттау;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу;
Қарттардың өмірлік тәжірибесін үлгі ету;
Ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту;
Мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.
Келген қонақтарымызға сый құрмет көрсетілді.