Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты "Арыс
жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2026-2027 оқу жылында 23 -қыркүйек күні 9 сыныптар арасында "Сөзсана" кітап оқу клубы, жетекшісі Рахматла Назеркенің және оқушыларының ұйымдастыруымен ашылды.
Кітап – білімнің бастауы, ойдың тереңдігі, рухани дамудың қайнар көзі.
Оқуға құштар жандардың басын қосып, кітап арқылы ой бөлісіп, пікір алмасып, жаңа дүниелерді бірге тану мақсатында «Сөз сана» кітап оқу клубының алғашқы қадамы басталды.
Клубтың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармасын талдай білуге, өз ойын еркін жеткізуге және рухани құндылықтарды бағалауға баулу.
«Кітап оқыған адам – ойы озық адам!»
Бүгінгі ашылу – жаңа идеялардың, қызықты кездесулердің және мазмұнды әңгімелердің бастауы болсын!
Әр оқылған кітап – жүрекке жол тартқан бір әлем.
«Сөзсана» – сөзді оқып қана қоймай, оның мәнін ұғатын орта!
Сіздерді ерікті түрде" Сөзсана" кітап оқу клубына оқырмандарды шақырамыз!
Жақсы жоспарлар құрылды, алдағы уақытта жақсы нәтижелер болатынына сенімдіміз
#СөзСана #КітапОқуКлубы #КітапОқы #ОқуғаҚұштарҰрпақ #КітапБілімБұлағы