Түркістан облысының білім басқармасының Арыс қаласы білім бөлімі мемлекеттікмекемесіне қарасты "Арыс
жалпы білім беретін мектеп" КММ-нің 2026-2027 оқу жылында 07 - қазан күні 6-9 сыныптар арасында "Сөз сана" кітап оқу клубы,жетекшісі Рахматла Назеркенің және Қойшыбай Айару оқушының ұйымдастыруымен ашылды.
Кітап – білімнің бастауы, ойдың тереңдігі, рухани дамудың қайнар көзі.
Оқуға құштар жандардың басын қосып, кітап арқылы ой бөлісіп, пікір алмасып, жаңа дүниелерді бірге тану мақсатында «Сөз сана» кітап оқу клубының алғашқы қадамы басталды.
Клубтың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқыған шығармасын талдай білуге, өз ойын еркін жеткізуге және рухани құндылықтарды бағалауға баулу.
Оқушылар мен ұстаздарға кітаптар бойынша, ақындар мен шығармалары туралы түрлі сұрақтар арқылы платформада тапсырмалар орындады.
Әр оқылған кітап – жүрекке жол тартқан бір әлем.
«Сөз сана» – сөзді оқып қана қоймай, оның мәнін ұғатын орта!
Сіздерді ерікті түрде" Сөз сана" кітап оқу клубына оқырмандарды шақырамыз!
Жақсы жоспарлар құрылды, алдағы уақытта жақсы нәтижелер болатынына сенімдіміз
#СөзСана #КітапОқуКлубы #КітапОқы #ОқуғаҚұштарҰрпақ #КітапБілімБұлағы