"Арыс жалпы білім беретін мектеп" КММ-де 29.09.2026 ж күні мектеп педагогтері арасында өз ұстазы не тәлімгері туралы "Ұстазым өмірлік өнегем" атты эссе жазу байқауы өтті. Байқауға "МИФ" , "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ", ҚОҒАМДЫҚ- ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТ", "ЭСТЕТИКА" бірлестіктерінің мұғалімдері қатысты. Мақсаты:Педагогтердің алғашқы ұстазға деген құрметі мен алғысын шығармашылық тұрғыда жеткізуіне мүмкіндік жасау, ұстаздық мамандықтың қадір-қасиетін дәріптеу, алғашқы ұстаздың тұлға қалыптастырудағы рөлін насихаттау. Мұғалімдердің көркем ойлау, эссе жазу және өз ойын әсерлі жеткізу қабілеттерін дамыту арқылы ұстаз еңбегіне деген құрмет пен кәсіби құндылықтарды арттыру.