Бүгін Арыс жалпы білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушыларының қатысуымен ЭКОСАҒАТ өткізілді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен және Түркістан облысы білім басқармасының жоспарына сәйкес, «Адал азамат»біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Экосағаттың басты мақсаты:
*Өскелең ұрпаққа судың тіршілік көзі екенін ұғындыру;
* Су ресурстарын үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру;
* Оқушылардың бойында экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Жиын барысында жоғары сынып оқушылары әлемдік су тапшылығы мәселесін талқылап, күнделікті өмірде суды қалай тиімді пайдалану керектігі туралы өз ойларымен бөлісті. «Судың да сұрауы бар» екенін ескерген жастар табиғатты аялау — әрбір "Адал азаматтың"борышы екенін іс жүзінде көрсетуге дайын.
Біздің мақсат— табиғат байлығын ысырап қылмай, келер ұрпаққа таза әрі қауіпсіз қоршаған орта қалдыру!