"СЫҢҒЫРЛА КҮМІС ҚОҢЫРАУ! "
Бүгін, 1 қыркүйек – Білім күнінде «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Биылғы салтанатты іс - шара «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбы аясында ұйымдастырылып, оқушылар бойына отансүйгіштік пен құқықтық мәдениетті ұялатуға, «Заң және тәртіп» қағидаттарын нығайтуға бағытталды.
Салтанатты жиында мектеп директоры Е.Кушкарбеков сөз сөйлеп, оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мектеп босағасын жаңадан аттаған бүлдіршіндеріміздің қадамы құтты, талаптары оң болсын!
Жаңа оқу жылы баршамыз үшін жемісті, табысты әрі абыройлы болғай!
#БілімКүні #1Қыркүйек #АлғашқыҚоңырау
#ЗаңЖәнеТәртіп
#АдалАзамат