Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Сақшы» интерактивті ойыны басталды.
«Сақшы» – жастардың қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін арттыруға бағытталған танымдық онлайн ойын. Қатысушылар түрлі тапсырмалар мен сұрақтарды орындау арқылы:
интернет және қаржылық алаяқтық белгілерін ажыратуды;
күмәнді ұсыныстарды анықтауды;
дропперлік схемалардан сақтануды;
жеке және банктік деректерді қорғауды;
қаржылық шешімдерді жауапкершілікпен қабылдауды үйренеді.
Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық пен дропперліктің алдын алу, сондай-ақ жас ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік және заңға құрмет құндылықтарын қалыптастыру.
Ойын 14–28 қыркүйек аралығында saqshy-afm.kz платформасында бекітілген кестеге сәйкес өткізіледі.
Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Құрметті оқушылар!
Өз қаржылық сауаттылықтарыңызды сынап, алаяқтықтан қорғанудың жолдарын үйреніп, «Сақшы» интерактивті ойынына белсенді қатысуға шақырамыз!
Қаржылық қауіпсіздік – өзіңнен басталады!
Алаяқтыққа алданба, деректеріңді қорға, заңды сақта!
#ЗаңМенТәртіп
#АдалАзамат
#Сақшы #ҚаржылықҚауіпсіздік #ҚаржылықСауаттылық #ДропперліккеЖолЖоқ #ИнтернетАлаяқтық #ТүркістанОблысы
