2026 жылдың 24 сәуір күні Арыс қаласы Білім бөлімінің 10.11.2025 жылғы №463 бұйрығына сәйкес, «Арыс жалпы білім беретін мектеп» КММ педагогтері «Ә. Жангелдин атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ-де әдістемелік күн аясында тәжірибе алмасу семинарын өткізді.
Семинар тақырыбы:
«Табысты оқыту формуласы: мотивация, әдіс, нәтиже»
Мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, табысты оқыту әдістерін тәжірибеге енгізу арқылы білім сапасын көтеру және мотивация, әдіс, нәтиже арасындағы өзара байланысты тиімді қолдану.
Семинарды мектеп директоры Жунисова Рахима ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында педагогтер ашық сабақтар, шебер сыныптар, коучингтер өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ж. Жораева – «Тұздар»
Ақын Айгүл – «Қазақстан кітапханалары»
Агадилова Маржан – «Үстеу»
Избасарова Айжан – «Есептер шығару»
Рахимжанова Дана – «Бейбіт өмір тамаша!»
Асирова Мирамкүл – «Заманауи мұғалім: табысты оқытудың көшбасшысы»
Сатымбекова Гүлдариға – «Жасанды интеллекттің сабақтағы мүмкіндіктері мен кемшіліктері»
Мақажанова Айкерім – «Буллингке қарсы жүйелі оқыту және әлеуметтік серіктестік»
Семинар соңында қатысушылар тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтіп, табысты оқыту формуласы – мотивация, әдіс, нәтиже екеніне тағы бір мәрте көз жеткізді.
Бұл іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына жаңа серпін беріп, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.
#ӘдістемелікКүн
#ТабыстыОқыту
#ТәжірибеАлмасу
#АрысМектептері
#БілімСапасы
#ЖасандыИнтеллект
#ЗаманауиМұғалім
#КәсібиДаму